Головкин-Альварес айқасының промо-ролигі шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Youtube видеохостингіндегі бокс туралы танымал Lee Wylie Boxing арнасында алдағы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен Сауль Альварестің (49-1-1, 34 КО) айқасына арналған видео жарияланды, деп хабарлайды Sports.kz .
Еске сала кетсек, Головкин - Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекте Лас-Вегастағы (АҚШ) T-Mobile аренада өтеді.
Геннадий орта салмақтағы WBA (Super), WBC, IBF және IBO нұсқалары бойынша чемпиондық атақтарын тігеді. Сауль болса The Ring журналының нұсқасы бойынша чемпиондық белбеуін бәске тігеді.