Головкин - Альварес кешінің андеркардында әлем чемпионы титулы үшін айқас өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Пуэрторикандық боксшы Хесус Рохас (25-1-2 18 КО) доминикандық Клаудио Марреромен (22-1, 16 KO) WBA тұжырымы бойынша жартылай жеңіл салмақта әлем чемпионы атағына таласатын болады. Боксшылар 16 қыркүйекте Лас-Вегаста Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасында өтетін жекпе-жек андеркардында кездеседі, деп жазды Sports.kz.

Головкин - Альварес кешінің андеркардында әлем чемпионы титулы үшін айқас өтеді

«Әлі де өз-өзіме сене алар емеспін. Бокста бұлай ешқашан жолым болған емес. Мұның барлығы оңай жолмен келген жоқ. Бастапқыда WBA бізге келіссөзге 30 күн беретінін хабарлады. Өткен жұмада жекпе-жек 16 қыркүйекте өтетіні туралы жаңалық естідік», - деген Рохастың пікірін келтірді BoxingScene.