Головкин - Альварес кездесуі «Жылдың үздік жекпе-жегі» атануы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - The Ring журналы 2017 жылды ең үздік жекпе-жегі атағына лайық бокс кездесуін атады, деп жазады Sports.kz .
None
None

Кестеде көш бастап тұрған жекпе-жектер қатарында 16 қыркүйекте Лас-Вегаста өткен Генадий Головкин  (37-0-1, 33 КО) және Саул Альварес (49-1-2, 34 КО) кездесуі. Жекпе-жек даулы, тең нәтижемен аяқталған болатын. Алайда, бокс әлеміндегі сарапшылардың басым бөлігі жеңіс GGG жағында болғанын айтады.

«Жанкүйерлердің көбі наразылық танытты, керемет бокс кеші болды. «Канело» шабуылдар жасай білді, Головкин оның тегеурініне төтеп беріп қана қоймай, бірнеше раунд қатарынан жеңіп келе жатты. «Канело» жақсы қорғана білді», деп жазады The Ring

«Жылдың үздік жекпе-жегі» атағына үміткерлер қатарында мына жұптар бар:

Энтони Джошуа - Владимир Кличко, Висаксил Вангек - Роман Гонсалес, Мигель Берчельт - Франсиско Варгас және Мигель Роман - Орландо Салидо.

Соңғы жаңалықтар