Головкин-Альварес реваншы үшін қолайлы орын белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Boxingnews24.com журналисі Дэн Эмброуз қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің мексикалық Сауль Алвареске қарсы қарымта жекпе-жекті өткізу үшін таптырмас орынды атады, деп хабарлайды Sports.kz.

Головкин-Альварес реваншы үшін қолайлы орын белгілі болды

«Головкиннің Альвареске қарсы реванш өткізуге қолайлы және мінсіз орын - Нью-Йорк. Шығыс Еуропадан келген көптеген бокс жанкүйерлері Нью-Йоркте тұрады, сондықтан Лас-Вегас немесе Техасқа қарағанда екі боксшының да жанкүйерлер саны тең болар еді. Өкінішке орай, «Канело» мен Golden Boy-дың жекпе-жекті Нью-Йоркте өткізуге келісім бере қоймас. Себебі олар өздерінің басты артықшылықтарының бірінен - өзіне қолайлы орын таңдау мүмкіндігінен айырылады», - деп есептейді автор.

Еске салайық, Головкин мен Альварес промоутерлері реванш туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. Айқас келесі жылдың 5 мамырында өтеді деп күтілуде. Головкиннің командасы қазір Далласта, олар жекпе-жекті өткізу мүмкіндіктерін қарастыруда.