Головкин - Альварес жекпе-жегінде кім жеңеді - букмекерлердің болжамы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропада кеңінен танымал "PaddyPower" букмекерлік кеңсесі Головкин - Альварес жекпе-жегіне тігілетін бәстерді қабылдай бастады.
None
None

Бірақ бұл кеңсе ТМД аумағында жұмыс істемейді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

PaddyPower-дің болжамына сәйкес, 16 қыркүйекте өтетін жекпе-жекте WBA Super, WBC, IBF және IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин жеңімпаз атанады деген мүмкіндік басым болып тұр. Оның жеңісі қойылған коэффицент 1,57-ті құраса, Альварестің жеңісіне 2,5 коэффиценті қойылды. Ал айқас тең аяқталады деген болжам 21-ге бағаланып отыр. Қазақстанның букмекерлері болса, өз болжамын әлі жариялаған жоқ.

Айта кетейік , бүгінгі жекпе-жектен кейін мексикалық Сауль Альварес рингке Геннадий Головкинді шақырды. Сол жерде екі боксшы ағымдағы жылы 16 қыркүйек күні жұдырықтасатындарын жариялады. Осыдан кейін екі боксшының командалары баспасөз мәслиxатын өткізді. Сол жерде Головкин және Альварес алғаш рет көз арбасты .  Жекпе-жек АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтетін болды . 

Соңғы жаңалықтар