Головкин-Альварес жекпе-жегіне билет бағасы қандай болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Головкин - Альварес жекпе-жегінің ең қымбат билеті 1 500 долларға сатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Hoylosangeles.com сайтына сілтеме жасап. 

Головкин-Альварес жекпе-жегіне билет бағасы қандай болады

Басылымның мәліметіне сәйкес, рингке жақын орындар 1 500 доллардан сатылады. Ал ең арзан билеттердің құны - 100-200 доллар. Бұл - бастапқы мәліметтер. Алдағы екі аптаның ішінде билеттер ресми сатылымға шығады.

Айта кетейік, кәсіби бокста көптен күткен жекпе-жек 16 қыркүйекте Лас-Вегастың «T-Mobile Arena» спорт кешенінде өтеді. Аталған ғимарат 20 мың адамды сыйғыза алады.

Осы жекпе-жектің билеттері әлі сатылымға түспесе де, T-Mobile Arena-ның ресми сайтына қайта-қайта кіріп, билеттерді күтіп жүрген бокс жанкүйерлері көп.