Головкин -Альварес жекпе-жегіне жанкүйерлердің рекордтық саны келуі мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «GoldenBoy» промоутерлік компаниясы Головкин мен Альварестің жекпе-жегін өткізетін орынға қатысты сауалнаманың қорытындысын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Твиттер әлеуметтік желісі арқылы жүргізілген сауалнаманың нәтижесіне сәйкес, жанкүйерлердің басым бөлігі АҚШ-тың Даллас қаласындағы «AT&TStadium» аренасын таңдады. Аталған спорт кешені 100 мың адамға есептелген. Сауль «Канело» Альварестің промоутері Оскар Де Ла Хойяның айтуынша, алдағы жекпе-жекте ондай аудитория жиналуы әбден мүмкін. Осы жолы 100 мыңға жуық жанкүйер жиналса, Головкин мен Альварес АҚШ-та жанкүйерлердің саны жағынан жаңа рекорд орнатады. 1978 жылы Жаңа Орлеанда өткен Мұхаммед Әли мен Леон Спикстіңжекпе-жегіне 63 500 адам жиналған еді. Осыдан кейін осы көрсеткішке ешкім жете алмады.  

 Айта кетейік , ағымдағы жылы 16 қыркүйек күні WBA Super, WBC, IBF жәнеIBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен кездеседі. Ол жайында боксшылар өткен демалыс күндері өткен айқастан кейін жариялады. Сол жекпе-жекте Альварес өзінің жерлесі кішіЧавесті ұпай санымен ұтқан болатын. Алдын ала болжамға сәйкес, Альварестің соңғы айқасы GGG-ден жеті есе артық PPV жинады. 

Соңғы жаңалықтар
telegram