Головкин-Альварес жекпе-жегінің ақтық раунды өтіп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат – Лас-Вегастағы T-Mobile Arena стадионында өткен Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы жекпе-жектің ақтық 12 раунды басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Головкин-Альварес жекпе-жегінің ақтық раунды өтіп жатыр
https://www.inform.kz/radmin/news/2022/09/18/220918102312950e.jpg

«GGG» мен «Канело» арасындағы үшінші кездесудің 11 раунды да мексикалықтың пайдасына шешілді.

Аса тартысты өткен айқастың алғашқы раундтарында Альварестің басымдығы сезілген. Екінші және бесінші раундта жасаған қауіпті соққылары Голвокиннің жанкүйерлеріне алаңдатып-ақ тастады.

Жетінші раундты «Канело» қарқынды бастады. Ал GGG-дің көздеп ұрған «апперкоттары» ауа қармап жатты.

10 раундтан бастап Головкин қарсыласына жойқын соққыларын дарыта білді.

Еске салсақ, Головкин boxingnews24.com сайтындағы сұхбатында жанкүйерлер қаласа, Сауль Альвареспен төртінші жекпе-жекке де шығуға дайын екенін мәлімдеген.

Соған қарамастан, Головкиннің кейінгі 4 жекпе-жегіне стриминг қызметін ұсынып келген DAZN компаниясы жоспарланған алты бокс кешінің ертеңгі бесіншісінен кейін «GGG»-мен арадағы келісімшартты тоқтатын болды.

Головкин-Альварес бокс кешінде қазақстандық өнер көрсетіп, 27 жастағы Әли Ахмедов америкалық Габриэль Росадоны (26-15-1, 15КО) жеңді.