Головкин -Альварес жекпе-жегінің жеңімпазы Сондерспен кездесуі әбден мүмкін
«Сөз жоқ,Головкин - Альварес - бұл үлкен жекпе-жек әрі тамаша PPV-оқиға. Осы жігіттердің біреуі биыл Билли Джо Сондерспен ринге шығады деп сенейік. Себебі алдағы жекпе-жектің жеңімпазына абсолютті чемпион болу үшін бір ғана фрагмент - орта салмақтағы WBO белбеуі керек болады. Аталған белбеудің қазіргі иегері -Билли», - деп жазды Уоррен Boxingscene.com сайтындағы өз бағанасында.
Айта кетейік , бүгінде орта салмақтағы WBA Super, WBC, IBF және IBO нұсқасы бойынша төрт бірдей белбеудің иегері - қазақстандық боксшы Геннадий Головкин. Оған абсолютті чемпион болу үшін бір ғана белбеу жетіспейді. Ол - WBO. Соңғы жекпе-жектен кейін Головкиннің командасы дәл осы белбеу үшін Астанадағы ЭКСПО-2017 аясында үлкен бокс кешін ұйымдастыруды жоспарлаған болатын. Ол жайында WBO белбеуінің иегері Билли Джо Сондерс те талай рет жазған. Алайда осы бастамаға Сауль «Канело» Альварестің командасы қарсы шықты. Оскар Де Ла Хойя «Головкин - Сондерс жекпе-жегі өтсе, Альварес өз келісімін бермеуі мүмкін» деген сыңай да танытты. Сөйтіп, Головкиннің ұлыбританиялық боксшыға қарсы шықпайтыны анық болғаннан кейін екі жақ қыркүйекте Головкин - Альварес жекпе-жегін өткізуге келісті.
Бұл жаңалықты екі боксшы өткен демалыста өткен айқастан кейін жариялады. Сол айқаста Альварес өзінің жерлесі кіші Чавесті ұпай санымен ұтқан болатын. Сосын Головкинді рингке шақырып, оны келесі қарсыласы ретінде ресми түрде таныстырды
.Аталған жекпе-жек ағымдағы жылы 16 қыркүйекте өтеді.