Головкин - Альварес жеңіс кімдікі: Америкалық бапкердің болжамы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бокс пен аралас жекпе-жек бойынша америкалық бапкер Эрик Келли Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) айқасына пікір білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.

Головкин - Альварес жеңіс кімдікі: Америкалық бапкердің болжамы

«GGG алғашқы жекпе-жекте жеңіске жетті. «Канело» көп раундта арқанға жабысып, белсенділік танытқан жоқ. Мен Головкиннің пайдасына 8-4 немесе 7-5 деп есептедім. Олар GGG-нің мүмкіндіктерін өз мүддесіне пайдаланды. Енді олар Головкиннің жасы келгенін айтып, «Канело» жеңіске жететін реванш өткізбекші», - деп жазды Келли твиттерде.

Айта кетейік, аталған боксшылар арасындағы алғашқы жекпе-жек 2017 жылдың 16 қыркүйегінде Лас-Вегаста өтіп, тең нәтижемен аяқталған еді. Реванш та дәл сол жерде 5 мамырда өтеді.