Головкин Альвареспен айқас алдында қалай жаттығуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мексикалық Сауль Альвареспен (49-1-1, 34 КО) айқастының алдында қалай жаттығып жатқанын көрсетті, деп хабарлайды Sports.kz.
None
None

«Мен денемді шыңдау үшін күш түсіретін жаттығулар жасап жүрмін. Сондай-ақ, біз мойынға салмақ түсіру арқылы жаттығулар жасап жатырмыз. Менің ағам Максим - әр айқастың алдында менің жаттығуыма қатысады. Біз бірге жұмыс істейміз, ол маған үнемі көмектеседі. Отбасы - мен үшін бәрінен маңызды», - деді Головкин.

Боксшының айтуынша, ол өзінің дағдыларын дамыту үшін жаңа әдістер іздейді.

«Мен Биг Беарға келгеннен бастап жаттығулар үзіліссіз жүріп жатыр. Бапкерім Абель Санчес мені жекпе-жекке дайындау үшін жаңа әдіс-тәсілдер үйретуде. Мен әлем чемпионының қандай болу керектігін білемін, сондықтан бар күшімді салып жұмыс істеп жатырмын», - деді Головкин.

Головкин - Альварес айқасы 16 қыркүйек күні (Қазақстанда - 17 қыркүйек таңертең) Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді. 

Соңғы жаңалықтар