Головкин Альвареспен жекпе-жекке қанағаттанған жоқ - Том Лёффлер

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - IBF/IBO/WBA/WBC нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері Том Лёффлер Альвареске қарсы реванш жөніндегі келіссөздердің жүргізілу барысы туралы айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

«Бізде қатаң белгіленген дедлайн жоқ, бірақ егер Альварес Геннадиймен жұдырықтасудан бас тартатындығын айтса, біз басқа жағдайларды іздеуге мәжбүр боламыз. Альвареспен өтетін реванш - ең үлкен жекпе-жек, ол Геннадий үшін негізгі айқас. Жанкүйерлеріміз күтіп отырған жекпе-жекті ұйымдастыра аламыз ба, жоқ па - соны түсіну үшін Golden Boy Promotions-пен үзбей қарым-қатынас жасап келемін. Реванш негізгі мәселе болғанмен, Геннадийдің де спорттық мансабын тежей де алмаймыз. Головкин реванш өткізгісі келеді, өйткені бірінші жекпе-жекке ол қанағаттан жоқ. Альварес мамырға дейін ешкіммен жұдырықтаспайтынын айтты, бірақ реванш өткізгісі келе ме, жоқ па, біз соны түсініп алуымыз керек», - дейді Леффлер BoxingScene.com-ке берген сұхбатында.

Соңғы жаңалықтар
telegram