Головкин алдағы айқасқа жаттығуды бастап кетті
АСТАНА.ҚазАқпарат - Геннадий Головкин мен оның командасы Саул Альвареспен болатын жекпе-жекке дайындықты бастап кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
«Жаттығулар басталды. Команда құрамы түгел және жұмысқа дайын», - деп жазылған Головкиннің Instagram желісіндегі жеке парақшасында.
Еске сала кетейік, қос боксшының кездесуі 5 мамыр күні Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренада өтеді.