Головкин алдағы реваншта қандай тәсіл қолданбақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Промоутер Том Леффлер Secondsout.com-ға берген сұхбатында қазақстандық боксшы Геннадий Гловкинге мексикалық Сауль Альвареспен реваншы кезінде неге ерекше назар аударуы керектігі туралы айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

Головкин алдағы реваншта қандай тәсіл қолданбақ

«Геннадий мен Санчес бірге отырып, барлығын ақылдаспақшы. Бірінші жекпе-жекте 12 раундтың 8-інде жеңіске жеттік. Қарымта жекпе-жекте жылдам әрекет ету керек. Қаттырақ соққы беріп, соққыларды дөп тигізуі тиіс. Бірінші айқаспен салыстырғанда, Альварестің өзіне сенімділігі артты, себебі ол Головкинге қарсы 12 раунд бойы тұрған екінші боксшы», - деді Леффлер.

Еске салайық, Головкин - «Канело» реваншы 5 мамырда өтеді. Жекпе-жек тағы да Лас-Вегаста өтеді деп күтілуде.