Головкин әлемде физикалық дайындығы ең жақсы 50 спортшының тізіміне кірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың Sports Illustrated сайты «Fittest50» жобасы аясында әлемнің физикалық дайындығы жақсы және төзімді спортшыларының тізімін құрастырды, деп хабарлайды Sports.kz.
None
None

Ерлер арасында үздік 50 спортшының тізімінде 12-ші орын әлемнің орта салмақтағы чемпионы Геннадий Головкинға берілді. Айта кетейік, қазақстандық спортшы рейтингке ұсынылған жалғыз боксшы болды.

Бірінші орынды жеңіл атлет Эштон Итон, екінші орынды - баскетболшы Леброн Джеймс алса, үшінші орын кроссфит спортшы Бен Смитке берілді.

Соңғы жаңалықтар