11:02, 07 Шілде 2016 | GMT +5
Головкин әлемдегі бірінші боксшы болуы үшін Уордты жеңуі керек - Фредди Роуч
АСТАНА. ҚазАқпарат - Американдық бапкер Фредди Роуч қандай жағдайда Геннадий Головкин әлемнің салмақтан тыс үздік боксшысы болатынын айтып берді, деп хабарлайды Sports.kz.
«Менің ойымша, Г.Головкиннің қарсыластары көп болғанда, үздік атанар еді. Бірақ, қазір оның қандай да бір қарсыласы (орта салмақтағы, онымен кездесуге әзір) бар деп ойламаймын, - деді Роуч Fighthub.com-ға берген сұхбатында. Головкин Мэйвезердей бола ала ма деген сұраққа Роуч:
- Егер Андре Уордпен кездессе, бұл GGG үшін тамаша жекпе-жек болар еді. Бұл осы дәуірдің салмақтан тыс үздік боксшысы атану үшін жасалуы тиіс. Бұл өте қиын шайқас болады, себебі Уорд - мықты боксшы. Ол кішкене сылбырлау, алайда ол өте жақсы боксшы», - деп жауап берді.