08:02, 11 Қараша 2013 | GMT +5
Головкин - әлемдегі ең үздік нокаутер
АСТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстандық Генадий Головкин The Guardian басылымы жасаған панчерлер (соққысы ең жойқын боксшы) рейтингінде бірінші орында тұр.

Головкиннің нокауттық көрсеткіші - 89,29 пайыз. Екінші орындағы мексикалық Хулио Сеханың (аса жеңіл салмақ) көрсеткіші - 88,46. Нокаутерлер рейтингісінің үшінші сатысында конголық Илунга Макабу (бірінші ауыр салмақ) - 87,50, деп хабарлайды alaman.kz.
Естеріңізге сала кетейік, Головкин осы жылы төрт кездесу өткізіп, төртеуінде де қарсыласын уақытынан бұрын жеңді.