Головкин әлемдегі үздік жеңімпаз боксшылардың бестігіне енді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Головкин әлемдегі үздік жеңімпаз боксшылар қатарына кірді, деп жазады sports.kz.
Америкалық Bleacher Report басылымы әлемдегі үздік ТОП-12 жеңімпаз боксшыларды жариялады.
Жуырда ғана кәсіби рингте 31-ші рет жеңіске жеткен қазақстандық Геннадий Головкин рейтингте бесінші орынды иеленді.
Тізімді Флойд Мейвезер бастап тұрса, одан әрі Андре Уорд, Роман Гонсалес және Гильермо Ригондо тұр.