Головкин Ат спорты Федерациясының президентімен кездесті

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің басшысы Геннадий Головкин ҚР Ат спорты федерациясының президенті Рустам Баялиевпен кездесті. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ат спорты Федерациясының баспасөз қызметі хабарлады. 

ҰОК басшысы АСФ президентімен кездесті
Фото: ҰОК

Екі жақ Қазақстандағы ат спортының дамуы, халықаралық жарыстарға қатысатын спортшыларды даярлау мен қолдау мәселелеріне тоқталды.

Сондай-ақ инфрақұрылымды дамыту, ұлттық құраманың дайындық деңгейін жақсарту және ат спортының әлеуетін арттыру туралы айтылды. Олимпиадалық ат спорты түрлерінің мәртебесін көтеруге және елдің халықаралық аренадағы беделін нығайтуға бағытталған бастамаларды жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.

кездесу
Фото: Қазақстан Республикасының Ат спорты Федерациясының баспасөз қызметі

Кездесуде алдағы іс-шаралар, Ат спорты федерациясы командасын турнирлерге дайындау және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі жоспарлар талқыланды. 

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен Қазақстан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын абыроймен өткізді. Президент көшпенділердің жаһандық даму үдерісіне қосқан үлесін жоғары бағалады. Қазақстан үшін ат спорты – бұл ұлттық мұра және әлемдік аренаға шығудың маңызды қадамы. Біздің мақсатымыз – еліміздің халықаралық сайыстардағы орнын нығайту, жас дарындылардың өсуіне жағдай жасау, ат спорты түрлерін кеңірек насихаттап, деңгейін көтеріп, оны әлемде бәсекеге қабілетті ету, - деп Рустам Баялиев, ұлттық құндылықтарды халықаралық аренада паш ету маңызды міндеттердің бірі екенін ерекше атап өтті.

Еске сала кетейік, бүған дейін Қазақстан ҰОК Атқарушы комитетінің жаңа құрамы бекітілгенін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар