Головкин атындағы спорт кешені xалық үшін тегін болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - GGG атындағы денешынықтыру-сауықтыру кешені "Спорт нысандарын дамыту" бағдарламасы аясында салынды. Құрылысқа жергілікті бюджеттен 874 млн теңге жұмсалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қарағанды қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.

Головкин атындағы спорт кешені xалық үшін тегін болады

"Бүгін замануи спорт кешенінің ашылу рәсіміне WBA, IBF, WBC және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин де қатысты. Өз жерлесіне қошемет көрсету үшін шамамен он мың адам жиналды. Жаңадан ашылған денешынықтыру-сауықтыру кешенінің барлық залдары балалар үшін тегін болады. Ал кешкі уақытта Октябрь ауданының үлкен адамдары да сол жерге барып, жаттыға алады", - делінген әкімдіктің ресми xабарламасында.

Айта кетейік, бүгін Геннадий Головкиннің туған жері - Майқұдықта жаңа спорт кешені салтанатты түрде ашылды. Үш қабатты ғимаратта бассейн, мамандандырылған ауыр атлетика залы, мінбелері бар әмбебап спорт ойын залы және бокс залы бар .