08:09, 26 Мамыр 2016 | GMT +5
Головкин «Ай соққысы» аталымына ұсынылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Boxnation.com порталы сәуірдегі айдың үздік соққысы үшін дауыс беруді бастады. Ондағы номинанттар тізіміне қазақстандық боксшы Геннадий Головкин де кірді, деп жазады Sports.kz.

Сондай-ақ дауыс беру тізімінде кіші Эррол Спенс, Джейми Конлан, Энтони Ярди және Педро Дюран бар.
Головкин келесі жекпе-жегін қыркүйек айында өткізеді. Оның болуы мүмкін қарсыластары - Дэниел Джейкобс, Хильберто Рамирес, кіші Крис Юбенк және Эрисланди Лара.