Головкин әйгілі «Тақтар ойыны» сериалының жұлдыздарымен кездесті (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық бокс жұлдызы Геннадий Головкин Сан-Франциско қаласында (АҚШ) өткен «Тақтар ойыны» ("Игра престолов") сериалының бесінші кезеңінің премьерасында болып, онда бүкіл әлемге әйгілі тележобаның жұлдыздарымен кездесті, деп хабарлайды sports.kz.
НВО коммерциялық арнасының «Тақтар ойыны» сериалының кезекті маусымының премьерасы бүгін Астана уақыты бойынша түнгі уақытта өтті, деп хабарланады GGG-дің ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі парақшасында.