Головкин Бакуде өтетін WBC конвенциясына қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Бакуде өтетін 55-ші WBC конвенциясына қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Бұл туралы ақпаратты ресми түрде халықаралық ұйымның сайты жария етті. Онда WBC Конвенциясына шақырту алған боксшылардың қатарында отандасымыз Головкинде бар.

Айта кетейік, Головкин орта салмақта Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) ұйымның чемпионы.

осымен 55-ші мәрте өткелі отырған WBC Конвенциясы 1-6 қазан аралығында Әзербайжан астанасы Баку қаласында өтпек.

Соңғы жаңалықтар