Головкин Big Bear-да өзге танымал жұлдыздармен жаттығып жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейлік боксшылар Константин Пономарев пен Мурат Гассиев, қазақстандық Геннадий Головкин, кубалық Салливан Баррера және Коста-Рика боксшысы Брайан Васкес танымал американдық жаттықтырушы Абель Санчестің АҚШ-тағы Биг Бэр залында жаттығып жатыр.

Головкин Big Bear-да өзге танымал жұлдыздармен жаттығып жатыр

Еске сала кетейік, 26 наурызда Баррера рингте орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы, американдық Андре Уордпен айқасады, Пономарев 9 сәуір күні Пакьяо-Брэдли III бокс кешінің аясында шығады, оның қарсыласы ешкімнен жеңілмеген 32 жастағы американдық Брэд Соломон болмақ. Ал әлемнің орта салмақтағы ең мықты боксшысы Геннадий Головкин 23 сәуірде Доминик Уэйдпен кездеседі.