Головкин -Boxing Memes нұсқасы бойынша P4P рейтингінде алтыншы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Boxing Memes инстаграмы бокс тақырыбында үздік боксшылардың рейтингін жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.

Головкин -Boxing Memes нұсқасы бойынша P4P рейтингінде алтыншы

Сергей Ковалёвті жеңгеннен кейін американдық  Андре Уорд  рейтинг  көшін бастады, ал ресейлік екінші орынды қанағат тұтты. Үштікті Роман Гонсалес «Чоколатито» түйіндеді.

Сондай-ақ,  топ-5-ке Сауль Альварес «Канело» және Теренс Кроуфорд ілікті.  Геннадий Головкин алтыншы орында. Одан әрі Мэнни Пакьяо, Гильермо Ригондо, Василий Ломаченко және Владимир Кличко жайғасты.

Головкиннің 18 наурызда рингке оралуы күтілуде.  Ол Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында жекпе-жекке шығады. Қарсыласы  -  американдық Дэниел Джейкобс.