Головкин BoxRec нұсқасы бойынша P4P рейтингі көшбасшыларының үштігіне кірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкин BoxRec нұсқасы бойынша P4P рейтингі көшбасшыларының үштігіне кірді.

Головкин BoxRec нұсқасы бойынша P4P рейтингі көшбасшыларының үштігіне кірді

Бокс статистикасына арналған танымал BoxRec.com сайты салмақ санатынан (P4P) тыс үздік боксшылар рейтингісінің өз нұсқасын жариялады, деп хабарлады Sports.kz.

Флойд Мейвезер спорттық жолын аяқтағаннан кейін рейтингті Владимир Кличко бастады. Геннадий Головкин екінші жолға көтерілсе, үшінші орынға Сауль «Канело» Альварес жайғасты.