Головкин-Брук ұрысына жаңа промо-ролик жарияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Желіде қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен оның келесі қарсыласы - британдық Келл Бруктың ұрысына жаңа промо-ролик пайда болды.
Кеше спортшылар Лондонда алдағы жекпе-жек қарсаңында ашық жаттығу өткізді.
Еске сала кетейік, 10 қыркүйекте WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (35-0, 32 КО) жартылай орта салмақтағы IBF чемпионы Келл Брукқа (36-0, 25 КО) қарсы атақтарын кезекті қорғау ұрысын өткізеді. Бокс кеші Лондондағы 20 мыңға дейін көрермен сиятын O2 аренасында өтеді.
Оны тікелей эфирде «Қазақстан» және KazSport телеарналары көрсетеді. Басталуы Астана уақытымен сағат 00:00-де.