Головкин - Брук жекпе-жегіне билеттер бір сағатта сатылып кеткен

АСТАНА. ҚазАқпарат - Головкин - Брук жекпе-жегіне билеттер сатылымға шыққан 1 сағаттың ішінде сатылып біткен, деп хабарлайды ВкКонтактедегі ресми GGG парақшасы.

Головкин - Брук жекпе-жегіне билеттер бір сағатта сатылып кеткен

WBC/WBA/IBF/IBO бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин және орта салмақ дәрежесінде IBF әлем чемпионы атағын иеленген Келл Брук 10 қыркүйек күні рингте кездеседі.