12:13, 14 Шілде 2016 | GMT +5
Головкин - Брук жекпе-жегінің алдын ала тапсырысқа қолжетімді билеттерінің бәрі сатылып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкин - Келл Брук бокс кешінің алдын ала тапсырысқа қойылған билеттерінің барлығы сатылды, деп хабарлады Sports.kz.
«Алдын ала тапсырыс бойынша Головкин - Брук жекпе-жегінің билеттері сатылды. Жалпы, билеттер жұма күні сағат 12-ден бастап сатылады», - деп хабарланды 10 қыркүйекте кездесу өтетін О2 аренасының твиттердегі ресми аккаунтында.
Еске сала кетейік, билеттер құны 40-тан 500 фунт аралығында. VIP-санатындағы билеттер бағасы 1000 фунт.