17:55, 12 Шілде 2016 | GMT +5
Головкин Брукқа екі-үш раунд ғана мүмкіндік беріп, одан соң сұлатып салады - экс-чемпион Брэндон Риос
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жеңіл салмақтан экс-чемпион Брэндон Риос IBF нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы чемпион британиялық Келл Бруктің (36-0, 25 КО) орта салмақтағы IBF/IBO/WBA/WBC нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинді (35-0, 32 КО) жеңетін еш мүмкіндігі жоқ деп санайды.
Олардың жекпе-жегі 10 қыркүйекте Лондонда O2 аренасында өтеді. Риостың пікірінше, салмақтағы айырмашылық айтарлықтай әсер етеді.
"Брук 147 фунттан орта салмаққа көтеріліп отыр. Бұл үлкен айырмашылық. 147 және 160 фунт. GGG оны сұлатып салады".
GGG Бруктің екі-үш раундта ғана жұдырықтасуына мүмкіндік беріп, кейін төртінші немесе бесінші раундта нокаутқа түсіреді", - деді Риос esnewsreporting сайтына берген сұхбатында.