Головкин Брукпен айқасқа дайындықты бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Орта салмақтағы WBA, WBC және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин IBF нұсқасындағы титул иегері Келл Брукпен айқасқа дайындықты бастады, деп хабарлайды Boxingnews.

Головкин Брукпен айқасқа дайындықты бастады

Қазақстандық өзінің бапкері Абель Санчестің басшылығымен Калифорнияда жаттығатын болады. 

Жекпе-жек 10 қыркүйекте Лондонда өтеді.

Кездесу болатын 20 мың адамға арналған аренаға билеттер қазірдің өзінде түгелге жуық сатылып кетті, деп жазады sports.kz.