Головкин Бруктан кейін Сондерспен жұдырықтасқысы келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA/WBC/IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин орта салмақ санатындағы IBF чемпионы Келл Брукпен алдағы жекпе-жегіне түсіндірме берді және IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, британдық Билли Джо Сондерске қарсы сайысқа шыққысы келетінін мәлімдеді, деп хабарладвы Sports.kz.

Головкин Бруктан кейін Сондерспен жұдырықтасқысы келеді

«Геннадийдің мақсаты - орта салмақтағы белбеулерді біріктіру, сондықтан да мен біз Головкин мен Билли Джо Сондерстің жекпе-жегін осы жылдың соңында немесе 2017 жылдың басында ұйымдастыра аламыз деп үміттенемін», - деп атап өтті промоутер Том Леффлер.