Головкин - Чавес жекпе-жегі: «Онда нағыз соғыс болады»

АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 наурызда АҚШ-та ауыр салмақта бұрынғы әлем чемпионы 27 жасар мексикалық кіші Хулио Сезар Чавес екінші рет 31 жасар америкалық Брайан Верамен жекпе-жекке шығады. Кездеседі. Егер Чавес жеңсе, ол не Андре Уордпен, не Карл Фрочемен, не Геннадий Головкинмен шығады, деп хабарлайды Vesti.kz Аllboxing.ru порталына сілтеме жасап.

Головкин - Чавес жекпе-жегі: «Онда нағыз соғыс болады»

Қазір Чавесті әйгілі америкалық жаттықтырушы Роберт Гарсия баптап жатыр. Егер кіші Хулио Сезар Чавес Геннадиий Головкинмен жекпе-жекке шықса, не болады деген сұраққа ол: «Міне, сол жекпе-жекті мен көргім келеді. Онда нағыз соғыс болады. Екеуі де осал емес, жақсы жекпе-жек болар еді», - деп жауап берді. Еске сала кетейік, 2 ақпанда Геннадий Головкин Осуман Адаманы техникалық нокатупен ойсырата жеңді. Қазақстандық боксшының 30-шы жекпе-жегі АҚШ-та 26 ақпанға жоспарланған. Ал қарсыласы кім болатынын әзірге белгісіз.