Головкин Чавеспен жұдырықтасуға үміткерлердің тізіміне енді

АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA және IBO нұсқалары бойынша орта салмақ дәрежесінде әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикандық спортшы кіші Хулио Сезар Чавеспен жұдырықтасуы мүмкін үміткерлер тізімен енді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Головкин Чавеспен жұдырықтасуға үміткерлердің тізіміне енді

Чавестің жекпе-жегін өткізетін келесі қарсыласын анықтау бойынша дауыс берулерді Американың танымал спорттық телеарнасы ESPN жүргізеді. Аталмыш тізімге Головкиннен өзге аргентиналық Серхио Мартинес, британдық Карл Фроч пен американдық Андре Уорд енгізілген. Чавестің өзі болса, ендігі додада Головкинмен жұдырықтасқысы келетінін мәлім етті.