Головкин - Джейкобс айқасы Нью-Йорктегі Barclays Center аренасында өткізілуі мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкин мен Дэниэль Джейкобс арасындағы жекпе-жек Нью-Йорктегі орындардың бірінде өтуі мүмкін, деп хабарлады Sports.kz.
Boxingscene.com белгілі болғандай, Бруклинде Barclays Center аренасы 10 желтоқсанға брондалды. Онда Дүниежүзілік бокс қауымдастығымен Геннадий Головкин «GGG» (36-0, 34KO) мен Дэниэль Джейкобс (32-1, 29KO) арасындағы міндетті айқас өткізілуі мүмкін.
Нью-Йорктегі екі кездесу орны, Barclays және Мэдисон-Сквер-Гарден көптен күткен айқас өз аумақтарында өтеді деп үміттенеді.