Головкин-Джейкобс кездесуі өтуі мүмкін күн белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес Fighthype.com порталына берген сұхбатында өзінің тәлімгерінің америкалық Дэниел Джейкобспен қашан кездесетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz. сайтына сілтеме жасап.

Головкин-Джейкобс кездесуі өтуі мүмкін күн белгілі болды

«Мен кездесу өткізу мәселесі бойынша ортақ келісімге келеміз деген ойдамын. Егер біз сайыс наурыз айында өтеді деп жоспарласақ, ол мүлдем өтпейді»,-деді Санчес.

Айта кетейік, HBO бұл күнді 10 желтоқсан деп белгілеген болатын. Алайда, промоутерлер Том Лефлер мен Эл Хэймон кірістерді бөлісу мен кездесу өтетін орын бойынша мәселені шеше алмады.