Головкин-Джейкобс кездесуінде сатылатын билеттердің бағасы белгілі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер алда америкалық Дэниел Джейкобспен болатын жекпе-жектің билеттерінің бағасы қанша болатыны туралы болжамын айтты. Кездесу Нью-Иорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді деп жоспарлануда, деп хабарлайды Sports.kz.
Алдын ала болжамдар бойынша билеттер алдағы жұмадан сатыла бастайды. Бағасы 100 бен 1000 доллардың аралығында. Аренаның 25 пайызы 100 доларлық билеттерге лайықталған»,-дер келтіреді Лефлердің сөзін ESPN тілшісі Дэн Рафаэль.
Madison Square Garden (боксқа арналғаны) аренасына 20 789 көрермен сыяды.