Головкин Джейкобспен болатын кездесуінің алдында ашық жаттығу өткізді
АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA/WBC/IBF/IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин Дэниэл Джейкобспен болатын жекпе-жектің алдында БАҚ үшін ашық жаттығу өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.
Головкин Лос-Анджелесте ашық жаттығудың алдында журналистермен тілдесті.
«Бұл біз үшін үлкен әрі салмақты айқас. Дэниэл - нағыз чемпион. Біз дайынбыз», - деп келтіреді Головкиннің сөзін Fightnews.com журналисті Мигель Анхель Маравилья.
Головкин мен америкалық Дэниэл Джейкобс (32-1, 29 КО) кездесуі 18 наурыз күні Нью-Йорктің Madison Square Garden аренасында өтеді.