Головкин El Paso Times бойынша сегіз номинацияда жеңіске жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - ElPasoTimes.com сайты 2016 жылды қорытындылап, түрлі номинациялар тізімін жариялады.
Оның сегіз номинациясы бойынша қазақстандық Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) үздік деп танылды. Осылайша, басылым пікірінше, GGG үздік pound-for-pound (салмақ санатынан тыс) боксшы және панчер, оң және сол қолдарымен, джеб және жанамалай жұдырықтауда үздік соққыға ие және әсерлі көрінеді, деп жазды Sports.kz .
Одан бөлек, Головкиннің Сауль Альварес «Канеломен» алдағы айқасы 2017 жылдың ең үздік бокс оқиғалары тізіміне енді.
Головкиннің бапкері Абель Санчес жылдың үздік бапкері атанды.