Головкин El Paso Times нұсқасы бойынша орта салмақтағы жылдың үздік боксшысы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - El Paso Times америкалық басылымы осы жылдың қорытындысы бойынша pound-for-pound үздік боксшылардың рейтингін жасады, деп хабарлайды Sports.kz.

Головкин El Paso Times нұсқасы бойынша орта салмақтағы жылдың үздік боксшысы атанды

ТОП-10-дағы бірінші орын WBA/IBF/WBC/IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинге берілді.

«GGG - Майк Тайсон дәуірінен кейінгі ең керемет боксшы. Қазақстандық 2016 жылы екі рет айқасты. ДоминикУэйд пен Келл Брукты жеңді. Алда 18 наурыз күні Нью-Йоркте Дэниэл Джейкобспен жекпе-жекке түседі», - деп жазылған материалда. Үздік ондық толығырақ осылай берілген:

1. Геннадий Головкин

2. Роман Гонсалес

3. Андре Уорд

4. Сергей Ковалев

5. Теренс Кроуфорд

6. Василий Ломаченко

7. Гильермо Ригондо

8. Сауль Альварес

9. Карл Фрэмптон

10. Мэнни Пакьяо.