Головкин «Эмми» сыйлығымен марапаттау рәсіміне арналған НВО кешіне қатысты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин «Эмми» сыйлығымен марапаттау рәсіміне арналған НВО кешіне қатысты, деп хабарланды ВКонтакте желісіндегі GGG тобының парақшасында.
TripleG белгілі ринг-анонсер Майкл Баффер, актер Кит Харрингтон және ESPN шолушысы Стивен Эй Смитпен суретке түсті, деп жазды sports.kz.