Головкин ESPN рейтингінде орнын сақтап қалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ESPN телеарнасының сайты барлық салмақ санатындағы боксшылардың рейтингін жаңартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Головкин ESPN рейтингінде орнын сақтап қалды

Орта салмақта Сауль «Канело» Альварес көшбасшылық позицияны сақтап қалды. Екінші орында бұрынғыша қазақстандық Геннадий Головкин қалып отыр. Үшінші саты америкалық Джермалл Чарлоға тиесілі.

Еске салайық, биылғы 9 маусымда GGG канадалық Стив Роллсты нокаутқа жіберіп, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады.

ESPN нұсқасы бойынша орта салмақтағы ТОП-10:

1. Сауль Альварес

2. Геннадий Головкин

3. Джермалл Чарло

4. Дэниэл Джейкобс

5. Деметриус Андраде

6. Сергей Деревянченко

7. Роб Брант

8. Мацей Сулецки

9. Матвей Коробов

10. Риота Мурата

календарь күнтізбе
Ұқсас жаңалықтар

4 мамыр. Kazinform күнтізбесі. Тұлғалар туған күн