Головкин Express News журналисі P4P-рейтингін басқарды
АСТАНА. ҚазАқпарат - San Antonio Express News журналисі Джон Уислер pound-for-pound боксшылар (салмақ санатынан тыс) рейтингінің өз нұсқасын жариялады, деп хабарлады Sports.kz.
Тізімді жеңіліп көрмеген қазақстандық орта салмақтағы боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) басқарды.
«Головкин әлі де PPV-де жұдырықтасуға лайықты екенін дәлелдеуге мәжбүр - оның Дэниэл Джейкобспен жекпе-жегі небәрі 173 мың сатылым жинады, бірақ Головкин қазір қанжығасында нокауттары көп мықты боксшы», - деп санайды Уислер.
P4P-рейтингі төмендегідей:
1. Геннадий Головкин (37-0, 33 КО)
2. Сауль Альварес (48-1-1, 34 KO)
3. Андре Уорд (31-0, 15 KO)
4. Сергей Ковалев (30-1-1, 26 KO)
5. Теренс Кроуфорд (30-0, 21 KO)
6. Василий Ломаченко (7-1, 5 KO)
7. Роман Гонсалес (46-1, 38 KO)
8. Кит Турман (28-0, 22 KO)
9. Мэнни Пакьяо (59-6-2, 38 KO)
10. Гильермо Ригондо (17-0, 11 KO).