Головкин Гиннестің рекордтар кітабына енді

АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA (Super), IBO, WBC және IBF бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің есімі Гиннестің рекордтар кітабына жазылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Головкин осы марапатқа ең үздік нокаутер ретінде ие болып отыр. Осы уақытқа дейін Геннадий 36 жекпе-жек өткізіп, 33 кездесуді нокаутпен аяқтаған. Осылайша, қазақстандық боксшыға тиесілі нокауттардың саны жалпы жекпе-жектердің 91,6 пайызын құрап отыр. Бұл орта салмақтағы чемпиондардың арасындағы ең үздік көрсеткіш болып саналады. Осыған орай, Голливудта өтіп жатқан Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) кезекті конвенциясында Геннадий Головкинге Гиннестің рекордтар кітабынының тиісті куәлігі табыстады.

Бұдан бөлек, Головкин WBC тұжырымы бойынша Келл Брукпен өткізген жекпе-жегі үшін арнайы сыйлыққа ие болып, ең доминантты боксшы ретінде танылды.    

«Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) бір бөлігі болу - мен үшін үлкен абырой. Мен сіздердің қолдауларыңызды жоғары бағалаймын»,- деп жазды Г.Головкин Инстаграм желісіндегі парақшасында. 

null  

Соңғы жаңалықтар