Головкин Hublot тұсаукесеріне қатысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) демеушілерінің бірі,  «люкс»  сағаттарын шығарумен айналысатын Hublot  компаниясының тұсаукесеріне қатысты, деп хабарлайды Sports.kz.

Головкин Hublot тұсаукесеріне қатысты

«Hublot өкілі болу-мақтаныш.  Hublot-тан санаулы ғана шығарылатын GGG коллекциясы сағаттарының тұсаукесері»,-деп жазды Головкин твиттерде.

Еске салар болсақ, бұдан бұрын WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы өзінің Hublot компаниясымен ынтымақтастық жасағандығы жөнінде мәлімдеген болатын. Артынша швейцариялық компания оның аты-жөнінің бірінші әріптері бедерленген қол сағаттарын шығарды.