Головкин: Қанат Исламмен жекпе-жек өткiзеді деген қисынсыз әңгіме

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсiпқой боксшы Геннадий Головкин салмақтың түрлi деңгейiне байланысты Қанат Исламмен жекпе-жек өткiзу қисынсыз әңгіме деп отыр. Бұл туралы ол бүгiн Астанада отандық жанкүйерлермен және БАҚ өкiлдерiмен кездесуi барысында мәлiм еттi.

Головкин: Қанат Исламмен жекпе-жек өткiзеді деген қисынсыз әңгіме

"Бұл әзiрге тек сөз жүзiнде ғана. Бiрақ орындалмайтын ештеңе жоқ. Бiз қазiр Қанатпен түрлi салмақ деңгейiндемiз. Бұл жекпе-жек қисынсыз қазiр. Ол рейтингтiң басқа деңгейiнде орналасқан", - деп атап өттi боксшы.

Оның ойынша, Қанаттың тарапынан болған шақыруды боксшының өзi жасамаған болуы ықтимал.

"Мен Қанатты бұрыннан танимын. Менiңше ол жеке өзi менi жекпе-жекке шақырмауы мүмкiн. Оны оның бапкерi жасаса керек", - дейдi Головкин.