Головкин-«Канело» айқасы жылдың үздік жекпе-жегі атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бокс туралы жазатын танымал The Sweet Science басылымы Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің екінші рет айқасын 2018 жылдың үздік жекпе-жегі деп атады, Бұл туралы Sports.kz. хабарлайды.

Еске сала кетейік, бұл жекпе-жек 15 қыркүйек күні Лас-Вегас қаласының T-Mobile Arena-сында өтіп, төрешілердің шешімімен «Канелоның» жеңісімен аяқталды.

«Головкин мен Альварес алғаш рет 2017 жылдың қыркүйегіндегі айқасы драмаға толы болды. 12-раундтық жекпе-жек тең аяқталды. Екеуі де өздерін жеңімпаз санаған, ал Головкиннің командасы «Канелоны» нағыз мексикалық сияқты жұдырықтаспағаны үшін кінәлады.

Биылғы жылдың қыркүйегінде қайта кездескенде, GGG мен «Канело» бір-бірінен бірнеше дюйм қашықтықта тұрып, суперауыр салмақтағы боксшы  құлайтын соққылармен алмасқан. Олардың соққыларының күші көрермендерді ерекше әсерде қалдырған. Айқасты көзбен көру теледидардан қарағанға қарағанда мүлдем басқа әсерге бөлейді.

Mobile Arena-да Альварес Головкинге асау пілді құлата алатын соққылар жасаған. Өз кезегінде, Головкин «Канелоның» басына ауыр соққылар тигізді. 12 раундтан кейін екеуі де қолдан келгеннің бәрін жасағанын түсініп тұрды. Бұл жолы төрешілер жеңісті Альвареске берді.

2018 жылы «Канело мен GGG жекпе-жегіндегідей әсерлі әрі сонша көп соққылар жасалған айқас болмаған», - деп жазады tss.ib.tv.

Соңғы жаңалықтар
telegram