Головкин - «Канело» бокс кешіне өзгерістер енгізілді

АСТАНА. ҚазАқпарат  -  Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) - Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) андеркардында өзгерістер болады, деп хабарлайды Sports.kz.

Головкин - «Канело» бокс кешіне өзгерістер енгізілді

Алдында бұл шоу аясында әйелдер арасындағы орта салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы Сесилия Брекхустың (34-0, 9 КО)  жекпе-жекке шығуы жоспарланған еді. Қорытындысында норвегиялық бұл айтулы оқиғаға қатыспайтын болды. Boxingscene.com ақпаратында қарағанда, бұған Брекхустың өзіне лайықты қарсылас таба алмауы себеп. 

Еске сала кетсек, Головкин - «Канело» рематчы  15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arenaда өтеді.