Головкин Канело - Чавес айқасына бармайтын болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) UCNLive.com-ға берген сұхбатында мексикандық Сауля Альварес «Канелоның» (48-1-1, 34 КО) өзімен емес, отандасы Хулио Сесар кіші Чавеспен (50-2-1, 32 КО) жекпе-жекке шығуға шешім қабылдауына байланысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.
Еске сала кетсек, Альварес бұған дейін 160 фунтта айқасудан бас тартқан болатын, бірақ ол Чавестің кэтчвейтте - 164,5-те кездесуге шақырған ұсынысына келіскен еді.
- Мен білмеймін, оның неге бұлай еткенін. Бұл жайлы өзінен сұраңыз. Мен боксты білемін. 154, 160, 168 - бұл бокс емес. Бұл бокс үшін, барлық спорт үшін өте жаман. Егер сен 160 фунтта чемпионсың ба - 160-та жұдырықтас. Егер сен 168-десің бе - 168-де айқас. 152-де немесе басқа санатта емес,-деді Головкин.
Сондай-ақ UCNLive.com тілшісі Майкл Бак Геннадийден, оның ықтимал қарсыласының жекпе-жегіне барар-бармасын, егер Канело жеңген жағдайда оны рингке шақырар-шақырмасын сұрастырды.
-Жоқ. Оны қайтем,- деп қысқа қайырды ол.
Еске сала кетсек,Канело - Чавес айқасы Лас-Вегаста 6 мамырда өтеді.