Головкин «Канело» мен кіші Чавестің жекпе-жегін зеріктіретін спаррингке балады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкин екі мексикалық Сауль «Канело» Альварес пен Хулио Сезар Чавестің жекпе-жегіне өз пікірін білдірді, деп хабарлады Vesti.kz тілшісі.

«Сенбілік айқас спарринг сияқты, жалықтырып жіберді. «Канело» айқасты аяқтауға асықпады. Мұндайды көрермендер қаламайды, көпшілігі PPV ғой. Не үшін? Шоу үшін. Бәріне менің нокауттарым сияқты драма ұнайды. Егер қолымнан келетінін сезсем, солай жасаймын», - деген Головкиннің сөзін келтірді LA қоғTimes.

Еске салсақ, Альварес судьялардың шешімімен кіші Чавесті жеңді. Ол 12 раундқа созылды. Қорытындысы бойынша төрешілер 120-108 есебімен жеңісті Альвареске берді. Айқастан кейін рингке Головкин шығып, Альвареспен қыркүйекте өтетін айқасы жайлы ресми хабарлады.

Соңғы жаңалықтар
telegram